Елорда әкімдігі "ЦУМ" ғимаратын сатып алды

785

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты 30-дан астам ұйымы мен басқармалары жеке тұлғалардан үй-жайларды жалға алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Елорда әкімдігі "ЦУМ" ғимаратын сатып алды

Сол себепті жалға алынған орындарға жыл сайын 1 миллиард теңгеге жуық ақы төлейді. Жалдау құны жыл сайын өсетініне назар аударсақ, бұл сома көбейе береді.

Жоғарыда айтылғандарды және осы ұйымдардың түрлі аудандарда орналасқанын ескерер болсақ, басқармалар мен әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін жеке бір ғимарат қажет. Осылайша, "Sine Tempore" ғимаратын сатып алу арқылы қаражатты үнемдеп қана қоймай, "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді (ғимарат қалалық әкімдіктің жанында орналасқан).

Айта кету керек, 2020 жылы екі компания аталмыш нысанға бағалау жүргізді. Оның негізінде бір компания 12,6 млрд теңгеге бағаласа, екіншісі 11,7 млрд теңгені көрсетті. Ал 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 9,5 млрд теңге көрсетілген болатын.

Ұсынылған ең төменгі сомаға ғимаратты сатып алу қалалық мәслихаттың келісімімен жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу