Елорда әкімдігі LRT қатысты жоспарымен бөлісті

708

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырған болатын.  

Елорда әкімдігі LRT қатысты жоспарымен бөлісті

Елорда әкімдігі жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысы мен оның қажеттілігіне қатысты болжамның мән-жайын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"LRT жобасын UA4 режімінде (100 пайыз автоматты басқару) 2020 жылы іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда консорциуммен бірлесіп жаңа жұмыс кестесі жасалып жатыр. Бас жоспарға сәйкес, LRT жолы бойында орналасқан аудандардағы халық саны 2030 жылға қарай 500 мыңнан артады. Қазіргі уақытта әуежай мен жаңа теміржол вокзалының арасындағы жолаушылар ағыны күніне 29 мың сапарды құрайды", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі редакцияның жазбаша сұрауына жауап бере отырып.

Осыған байланысты қазіргі кезеңде жылжымалы құрамның бір бөлігін сатып алмай-ақ, пойыздардың санын 19-дан 12-ге дейін қысқарту көзделгені атап өтілді. Сарапшылардың болжамы бойынша, бұл шара шамамен 40 миллион АҚШ долларын немесе 15 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

"Жоба бойынша бастапқы шығындарды азайту үшін әкімдік іске қосу кешендерін бөлу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жоба бойынша әуежайдан "Нұрлы жол" станциясына дейінгі учаскеде 18 станцияның құрылысы қарастырылған", – деп еске салды әкімдік.

Осылайша, жолаушылар ағынының қазіргі жүктемесін ескере отырып, 7 станцияның ашылуын екінші іске қосу кешеніне ауыстыру жоспарланып отыр. Яғни, жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің бастапқы шығындары пропорционалды түрде азаяды. Бұл, жобаның эксплуатациялық жұмысы мен қауіпсіздікті бұзбай 110 млн АҚШ долларын немесе 42 млрд теңгені үнемдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу