Елорда әкімдігі мемлекеттік қызметтерді 100% электронды форматқа көшірмек

801

Негізгі алты бағыттағы цифрлық жоба жүзеге асырылады. 

Елорда әкімдігі мемлекеттік қызметтерді 100% электронды форматқа көшірмек

Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласында цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасы құрылды. Жаңа басқарманың басшысы Ботагөз Қасабек мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға баса назар аударылатынын айтты.

"Біз елорданы "ақылды" қалаға айналдыруға арналған жобаларды жалғастырамыз. "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көрсетілген алты негізгі бағыттағы үлкен жобаларды жүзеге асыратын боламыз. Мәселен, мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жетілдіруге баса назар аударамыз. Цифрландыру басқармасы қазір 160 түрлі қызмет көрсетіп отыр. Талдау жүргізу нәтижесінде анықталған 16 қағаз жүзінде орындалатын жұмысты электронды форматқа ауыстырамыз. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтерді 100% электронды форматқа көшіреміз деп жоспарлап отырмыз", – деді цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу