Елорда әкімдігі тарапынан 200 миллион теңге бөлінді

809

20 тамыздан бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін арнайы сертификаттар беру басталды. 

Елорда әкімдігі тарапынан 200 миллион теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 200 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

20 тамыздан бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін арнайы сертификаттар беру басталды. Қазіргі уақытта 8 000 сертификат тапсырылды. 78 бала сертификатпен киім алды.

Сонымен қатар 81 мектептің әлеуметтік педагогтарына сертификаттар берілді. Әлеуметтік педагогтар ата-аналарға 2300 сертификат берді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар келесідей отбасылардан шыққан балаларға табысталды: жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалардың; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалардың; білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу