Елорда әкімдігі жер үйлерге газ есептеуіш құралдар орнатып бермекші

661

Биыл Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Алматы, Оңтүстік-шығыс аудандарға газ тартылады.  

Елорда әкімдігі жер үйлерге  газ есептеуіш құралдар орнатып бермекші

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жер үйлерге газ қандай тәртіппен тартылатынын түсіндірді.

"Елорданы газдандыру процесін мемлекет басшысы жеке бақылауында ұстап отыр. Жеке сектор туралы айтсақ, газ Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық аудандарына келеді. Алматы ауданында Теміржол қалашығына тартылады. Ал қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіне келесі жылы тарту жоспарланған. Бірақ біз  кестеден озып, биыл бастап кетпекшіміз.  Оның үстіне №1 және №2 жылу-электр орталықтары газға жалғанады. Бұл орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған үйлер газбен жылытылады деген сөз.  Ал жеке сектор үшін кварталдар арасында газ құбырын тартып жатырмыз. Жер үй иелеріне техникалық шарт береміз. Тұрғындар соны алып,  не "ҚазТрансГазАймақ" арқылы, не лицензиясы бар жеке компаниялардың көмегімен үйіне дейін құбырдан газ тартқыза алады. Яғни бұл іспен мамандар айналысуы керек. Біз газ құбырын үйдің ауласына дейін жеткізіп береміз. Ал үйдің ішіне кіруге хақымыз жоқ. Өйткені  жеке үйге біз ақша бөле алмаймыз.  Есесіне газ есептеуіш құралын орнатып кетеміз. Меніңше бұл да болса көмек.  Ал газға арналған пеш орнату, ішке кіретін құбырлар төсеу үй иесінің күшімен жасалуы керек. Газдандыру қаланың экологиялық жағдайын жақсартады. Мамандардың айтуынша, ауаға тасталатын қалдықтар 40 мың тоннаға азаяды екен", – деді шаһар басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу