Елорда әкімдігі ЖОО мен колледждерде білім алу үшін 5300 грант бөлді

819

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жоғары оқу орындары мен колледждерге 5300 білім гранты бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігі ЖОО мен колледждерде білім алу үшін 5300 грант бөлді

"Биыл әкімдіктен қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқуға 5 мың 300-ге жуық грант бөлінді. 465 грант бойынша тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, грант иегерлерінің арасында ерекше қажеттілігі бар, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ әртүрлі олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары және т.б. бар. Түлектер педагогика, медицина, IT-технологиялар, құқық, инженер, спорт, әлеуметтік жұмыс, электроника және энергетика, шет тілдері және т.б. мамандықтар мен бағыттар бойынша оқуға түсті. Мемлекет көрсететін көмек кәсіптік білім алу үшін елеулі қолдау болады.

Бұдан басқа, мемлекет жыл сайын Елбасының "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендиялар бөледі, ол бойынша студенттер шетелдік білім ала алады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында білім беру саласын маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Президенттің тапсырмасы бойынша 2024 жылға дейін жыл сайын педагогтердің жалақысы 25%-ға көтеріледі, білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, кәсіптік білім алуға гранттар бөлінеді, жалпыға міндетті оқу аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіледі. Мысалы, осы жылдың өзінде жалпы оқу аясында 800 млн теңге бөлеміз, бұл бізге оқушылардың басым бөлігін материалдық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді, өткен жылдан бастап материалдық көмек көлемін ұлғайтылған болатын" – деп жазды елорда әкімі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу