Елорда әкімдігі ЖОО түлектерін тәжірибеден өтуге шақырады

775

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жанындағы "Жастар практикасы" ұйымымен колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері үшін ақылы тәжірибе өту ұйымдастырылды.

Елорда әкімдігі ЖОО түлектерін тәжірибеден өтуге шақырады

Бағдарламаның  мақсаты – түлектердің алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына, кәсіби білімдерін арттыруына, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетілігін арттыруға және жұмысқа орналасуға ықпал ету, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бағдарламаға қатысушыларға еңбекақы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен төленеді

Айлық еңбекақысының көлемі ­70 139 теңгені құрайды. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылуда.

Байланыс телефондары: 57-88-86, "Өркен" БО, Бейбітшілік, 25.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу