Елорда әкімі азық-түлік қымбаттамауы үшін не істегенін айтты

1040

Оның пікірінше, қалада азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру маңызды.

Елорда әкімі азық-түлік қымбаттамауы үшін не істегенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттауы үшін қандай жұмыстар жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол пандемия мен нарықтағы жағдайға қарамастан азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы жүргізілетінін жеткізді.

"Бұл – өте күрелі мәселе. Әсіресе, коронавирус пандемиясы бұл жұмысқа кері әсерін тигізіп жатыр. Әлемдегі нарықта азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Кейбір елдерде шекараның жабылуы немесе тауарларды жеткізуді шектеу кері әсерін тигізуде", – деді Алтай Көлгінов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру үшін айналым механизмі бойынша бағдарлама бар.

"Біз бірқатар кездесу өткізіп, Magnum, Small, "Астықжан" сынды ірі сауда желілерімен келісімшартқа қол қойдық. Сондай-ақ облыстардағы ауылшаруашылығы өнімдері өндірушілермен форвордтық келісімшартқа қол-қойдық. Мысалы, Павлодар, Ақмола, Түркістан және тағы басқа облыстары", – деді қала басшысы.

Алтай Көлгінов биыл шілде-қазан аралығында елордада әр сенбі, жексенбі күндері ауылшаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырылғанын атап өтті.

"Бұл жәрмеңкелерге әр өңірден 900-ден аса ауылшаруашылығы өнімін өндіруші қатысты. Бұл қаладағы ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға айтарлықтай септігін тигізді. Бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізу үшін фермалар салу керек. Олар маусым сайын емес, жыл бойы жұмыс істеуі керек. Алдағы уақытта 2 ферма саламыз. Жеке инвестиция есебінен жылыжай саламыз. Сондай-ақ Ақмола облысы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен қаладағы әр ауданда күн сайын жәрмеңке өткізіп тұруға келістік. Осылайша, олар делдалсыз жұмыс істей алады. Осы мақсатқа жергілікті бюжеттен 8,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қайтарылатын қаражат", – деп түйінеді сөзін Алтай Көлгінов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу