Елорда әкімі қаланың бес мектебінің оқу жылына дайындығын тексерді

1125

Оқу орындарында жөндеу және абаттандыру жұмыстары аяқталуда.   

Елорда әкімі қаланың бес мектебінің оқу жылына дайындығын тексерді

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың 5 мектебінің оқу жылына дайындығын тексерді, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты.

№10 мектеп-лицейінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дыбыс жазу студиясы ашылды, онда оқытушылар аудиоматериалдар мен арнайы құрылғылардың көмегімен мектеп тақырыптарын түсіндіре алады. Аталған мектепте 300-ге жуық оқушы инклюзивті білім берумен қамтылған.

№61 орта мектепте оқу орнын орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Елорда әкімі А. Көлгінов барлық оқу орындары оқу жылының басталуына дайын болуы тиіс екенін атап өтті.

Жалпы алғанда, 8 оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 26 мектеп косметикалық жөндеу жұмыстарынан өтті. Келесі жылы 14 оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу