Елорда әкімі құрылыс салушыларға бірқатар қатаң ескерту жасады

837

Қала әкімі Бейсеков, Бөкейхан және т. б. көшелерде орналасқан бірқатар тұрғын үй кешенін аралады. 

Елорда әкімі құрылыс салушыларға бірқатар қатаң ескерту жасады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс салушыларға қатаң ескертулер жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Әкім қолжетімді үй салудағы ережебұзушылық фактілері туралы қаланы аралау кезінде айтты.

"Қолжетімді баспана салу – басым міндеттердің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды. Бірінші кезекте қолжетімді баспана жеңілдікпен пәтер алуға кезекте тұрған адамдарға беріледі. Сіздер, құрылыс салушылар ретінде, үйді сапалы салуыңыз керек. Кезекте тұрғандарға кілттерді табыстаған кезде барлығы дайын тұруға тиіс. Кемшіліктер бар. Бір нысанда құрылыс жұмыстары баяу жүрсе, екіншісінде техникалық, авторлық қадағалау мамандарының пікірі ескерілмей жүріп жатады. Бірнеше жылдан соң түсіп қалатын плиталарды не үшін қолданасыздар? Сапалы құрылыс сала алмайдындар, бұл жұмыспен айналыспауы керек. Ал құрылыс жұмыстарын бастағандар, жауапкершілік танытып, тиісті деңгейде салуға міндетті", – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Құрылыс салушыларға барлық кемшілікті түзетуге уақыт берілді. Ережебұзушылық фактілері анықталған жағдайда, шарт бұзылады. Жаңа тұрғын үй кешендері барлық жағынан ыңғайлы болуы керек. Жаңадан салынған үйлердің бірінші қабаттарында емхана, балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, полиция пункті сияқты әлеуметтік нысандар орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу