Елорда әкімі тұрғындарды онлайн-форматта қабылдады

1254

Қабылдауда көтерілген мәселелер медициналық көмек алу, білім алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. қатысты. 

Елорда әкімі тұрғындарды онлайн-форматта қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында осы айдың басынан бері аудан әкімдерімен бірлесе 400-ден астам тұрғынды қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Бүгін 12 тұрғынды онлайн қабылдадым. 20-дан астам сұрақ қамтылды. Азаматтарды апта сайын онлайн режимде қабылдап тұрамыз. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында кері байланысты айтарлықтай нығайтуға, қойылған сауалдарға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Осы айдың басынан бері әкім орынбасарлары және аудан әкімдерімен бірлесе 400-ден астам тұрғынды қабылдадық", – деп жазды қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу