"Тышқандар, егеуқұйрықтар тек көктем мен жазда қаптап кетеді деген мәселеге келсек, біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ерте көктемде бастаймыз, жұмыс жыл бойы жалғасады. Биыл өткен жылдарға қарағанда көп немесе өте көп болды деп ойламаймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жарияланымдарды көріп отырмыз", - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек "Байқоңыр" ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.
Сонымен қатар, әкім жәндіктермен күреске бөлінетін қаржы көлемінің азаймайтынын айтты.
"Қала өсіп, тұрғын үй кешендерінің саны артып келе жатқанын ескерсек, бөлінетін сома ұлғаяды. Қанша сома екенін дәл қазір айта алмаймын, кейін жеткіземін", - деді Астана әкімі.