Елорда әкімі үлескерлерге үндеу жасады

440

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері туралы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімі үлескерлерге үндеу жасады Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Достар, өздеріңіз білетіндей қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады.

Мен үлескерлермен үнемі кездесіп тұрамын. Тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – "Алтын бұлақ" және "Садовые кварталы" тұрғын үй кешендері.

Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы. Мәселен "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды.

Сол сияқты "Тұмар" тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездестім. Құрылысы ұзаққа созылған "Территория комфорта-1" бойынша сұрақтар қозғалды", - деп жазды елорда әкімі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу