Елорда әкімі үлескерлік құрылыстың проблемалы нысандарын аралады (Видео)

870

Әкім үлескерлер мәселесінің түбегейлі шешімін табуды бақылауда ұстайтынын айтты.

Елорда әкімі  үлескерлік құрылыстың проблемалы нысандарын аралады (Видео)

Аралау кезінде әкім нысандардың құрылыс барысымен танысып, тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен әңгімелесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы ауданы 17,602,80 шаршы метр болатын 330 пәтерге есептелген проблемалы нысанның құрылысы "Азбука жилья" компаниясының тобымен 2011 жылы басталған болатын. Құрылысты аяқтау үшін 2016 жылы нысан "Орда Инжиниринг" ЖШС-ға өткізілді. Үлескерлердің жалпы саны – 168 адам. Нысанды 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап тұрамын. Жоспарлы кесте түзілді. Құрылыстың аяқталу процесін және созылып кеткен үлескерлер мәселесінің түбегейлі шешімін табуды бақылауда ұстаймын" - дедi әкім. Сондай-ақ, әкім Шұбар тұрғын алабының Қалқаман және Наркескен көшелерінің қиылысында орналасқан  "Комфорт de Luxe" ТК құрылыс алаңына барды. Жалпы ауданы 15 734,50 шаршы метр болатын 216 пәтерге арналған тұрғын үй кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған. Бұл нысан бойынша үлескерлердің жалпы саны – 227 адам. Құрылысты 2019 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Видео:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу