Елорда әкімі үндеу жасады

7739

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елорда әкімі үндеу жасады

"Коронавирусты локдаун, шектеу шараларын енгізу арқылы жеңе алмаймыз. Бұл шаралар COVID-19-дың таралу көрсеткішін уақытша төмендетуге ғана мүмкіндік беріп, науқастарды аман алып қалуға септігін тигізеді. Пандемияны вакцинация арқылы ғана жеңуге болады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру әрқайсымызға тікелей байланысты. Себебі ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана оқушылар мен студенттер сабағын оффлайн режимде оқиды, ал кәсіпорындар карантин шектеуінсіз жұмыс істейді. Ең бастысы адам өлімі азаяды", - деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парағында.

Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында медициналық мекемелердегі дәрігерлермен эпидемиологиялық ахуалды талқылағанын атап өтті.

Бірінші. Мобильді бригадалар санын арттыру

"Қалада коронавирус жұқтырған науқастардың үйіне баратын 186 бригада бар. Олар науқастардың денсаулығын тексеріп, ПТР-тест алады, науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтарды тексереді. Бригада санын тағы 100 бірлікке көбейтуді тапсырдым. Енді 300-ге жуық мобильді бригада қызмет етеді", - деді әкім.

Екінші. Медицина мекемелерін барынша жабдықтау

Биыл да медициналық мекемелерді қажетті аппараттармен жабдықтау жалғасады. 

Үшінші. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының 2 айлық қоры болуы тиіс.

Төртінші. Вакцинация қарқынын арттыру

Медициналық мекемелердің барлығында, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде егу пункті ашылды. Сонымен қатар көшпелі бригадалар ұйымдастырылды. Қазір 318 мыңнан аса адам вакцина алды. Санитарлық нормаларды сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

Алтай Көлгінов коронавирус қауіпті ауру екенін атап өтіп, тұрғындарға екпе алуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу