Елорда әкімі ЖЭС-З құрылысы қашан аяқталатынын айтты

815

Үкімет нысанның құрылысына тиісті қаражатты бөлген. 

Елорда әкімі ЖЭС-З құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов алдағы жылыту маусымында ЖЭС-З құрылысы аяқталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол аталған нысан стратегиялық жағынан маңызды екенін жеткізді.
"Елордада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, өткен жылы 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Биыл 3,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Мұның барлығын инженерлік желілермен, электр энергиясы, су, су тарту жүйесі, абаттандыру, әсіресе жылумен қамтамасыз ету керек",– деді елорда әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Алтай Көлгінов қалада жылыту маусымы 7,5 айға созылатынын айтты. Сондықтан бұл мәселе ерекше назарда.

"ЖЭС-З құрылысын аяқтау керек. Оның салынып жатқанына 10 жыл болды. Біз 1,5 жылда жобаға түзету енгіздік. Ол дайын, сараптамадан шықты. Қалаға газ тарту жобасын ескердік. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет қаржы бөлді. Бүгінде жұмыс жалғасып жатыр. Алдағы жылыту маусымында ЖЭС-3-тің құрылысын аяқтауымыз керек. Осылайша, қала қосымша 420 гигакалория жылу алады", деп түйіндеді сөзін қала басшысы.

Дәурен Ерболат 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу