Осы уақытқа дейін ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет атқарған Жарқын Жұмаділов "Elorda Aqparat" ЖШС директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, "Nur Otan" партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөліміне басшылық жасады.
Саяси ғылымдар магистрі, "Алаш айнасы", "Жас қазақ" республикалық газеттерінде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. "Қазақстан" телерадиокорпорациясының шеф-редакторы және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызмет атқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу