Елордада "Арқар" көпірі 5 қыркүйекке дейін жабық болады

584

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Елордада "Арқар" көпірі 5 қыркүйекке дейін жабық болады

"Арқар" көпірінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы 15 тамызда басталады. Осыған байланысты көліктерге арналған жол жабық болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік Ел даңғылы – Сарайшық көшесі мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы көлік айрығы учаскесіндегі "Арқар" (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы басталғанын хабарлады.

"Осыған байланысты, 15-24 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі "Арқар" көпірін (М1) және 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында "Арқар" көпірін (М1) жабу жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.

Ведомствода елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу