Елорда әуежайы "Ashyq" қосымшасы арқылы жолаушыларды қабылдайды

1111

12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежай жолаушыларды "Ashyq" қосымшасы арқылы қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елорда әуежайы "Ashyq" қосымшасы арқылы жолаушыларды қабылдайды

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 20 қаулысына сәйкес, 12 мамырдан бастап елорда әуежайында "Ashyq" пилоттық жобасы іске қосылады. 

Алгоритм талаптарына сәйкес, Нұр-Сұлтандағы әуежайға келген жолаушылар кіреберісте QR-кодты сканерлеп, мәртебесін анықтауы керек және нәтижесін әуежай қызметкеріне көрсетуі шарт. 

Жолаушылардың мәртебесі "ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы" және "ҚР ДСМ COVID-19 бақылау орталығы" ақпараттық жүйелері негізінде анықталады. 

"Жасыл" мәртебесі – жолаушы деректер базасында COVID-19 вирусының бар-жоғына тест тапсырғанын, ол теріс нәтиже көрсеткенін білдіреді;

"Көк" – ПТР-тестінің нәтижесі жоқ, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болмағанын көрсетеді. Мұндай жолаушы ПТР-тест тапсыру қажет орындардан басқа барлық жерге бара алады;

"Сары" – коронавируспен байланыста болғандар. Оларға азық-түлікке немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат беріледі. Алайда басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.

"Қызыл" – жолаушы коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырғанын, ол оң нәтиже көрсеткенін білдіреді. Ол үйдегі карантинді қатаң сақтауы керек.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы әуежайда "Ashyq" пилоттық жобасы сәтті жүзеге арасырылса, ондағы карантин шектеуі алынып тасталуы мүмкін. Яғни жолаушыларды күтіп алуға және шығарып салуға рұқсат берілуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу