Жолаушылар ғимаратқа кіреберісте арнайы QR-кодты сканерлеп, "Ashyq" қосымшасы арқылы мәртебесін анықтауы керек. Ал нәтижесін әуежай қызметкеріне көрсетуі шарт. Аталмыш ақпарат "ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы" және "Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бақылау орталығы" ақпараттық жүйелері негізінде анықталады. Айта кетейін, егер адам коронавирустың ПТР сынағынан өтіп, оң нәтиже алса, "қызыл" статус беріледі. "Сары" белгі инфекция жұқтырған адамдармен байланысқа түскен адамдарға тағайындалады. "Көк" түс – ПТР тест талап етілмейтін жерлерде еркін жүреді. "Жасыл" түс – еркін жүре алатын адам. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап қосымша арқылы адамның вакцина қабылдаған-қабылдамағаны да көрінеді.