Елорда әуежайынан қоғамдық көлік түнгі үшке дейін қатынайтын болады

569

Нұр-Сұлтан әуежайында 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Елорда әуежайынан қоғамдық көлік түнгі үшке дейін қатынайтын болады Фото: Серікжан Қобыланбаев

"15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің түнгі рейстері әуежайға дейін қатынайды. Мұндай шешім елордалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданды", – деп жазылған CTS хабарландыруында.

Әуежайдан №10 бағыттағы автобустар 23:18, 00:29, 01:59, 02:59-да шығады. Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу