Тіпті, олардың біреуі карантиндік стационардан қашып кетпек болған, деп хабарлайды Lada.kz.
Дәрігерлер бірнеше сағат бойы оларды ережелерге бағынуға көндіруге тырысқан.
"22 адам бас тартып, кіргісі келмей автобуста отырып алды. Біз көндіруге тырысқанымызбен, олар дауласып, сөзімізге құлақ аспады. Әртүрлі себептерді сылтауратты. Ұзақ уақыт көндіргеннен кейін тек түнде ғана стационарға бір-бірден кіре бастады", – дейді "Рамада Плаза" карантиндік стационардың директоры Жұлдыз Данбаева.
Наразылық білдірушілердің біреуі сынақ нәтижесін күткісі келмейтінін айтып, мекемеден кетпек болған. Осы кезде полиция қызметкерлеріне шара қолдануға тура келді. Ол адам Түркиядан әйел-баласымен бірге ұшып келген.