Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының мәліметінше, әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рейстер бойынша қазіргі жағдай мынадай:
Ұшып келуге:
* Кешіктірілгені – 11 рейс;
* Тоқтатылғаны – 1 рейс (ауа райы жағдайына байланысты).
Ұшуға:
* Кешіктірілгені – 4 рейс.
"Кідірістердің негізгі себебі – қолайсыз ауа райына байланысты әуе кемелерінің кешігіп келуі. Жолаушылардан онлайн-таблоны, әуе компанияларының ресми ақпаратын және терминалдағы хабарландыруларды қадағалап отыруды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", – делінген әуежай таратқан ақпаратта.