Елорда әуежайындағы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылды

664

Комиссия жұмысының барысын министр Қайырбек Өскенбаев тікелей бақылауына алды. 

Елорда әуежайындағы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы қызметкерлерінің БАҚ-тағы наразылығына орай жедел шаралар қабылдап пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әуежай қызметкерлерінің шағымын жан-жақты, толық әрі объективті тексеру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы №332 Бұйрығымен арнайы комиссия құрылды.

                                                                                               ИИДМ

Комиссия елордалық әуежай қызметкерлерінің арызында көрсетілген мәселелерді жіті тексереді. Тексеріс қорытындысы бойынша арнайы шаралар мен тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу