Бұған дейін ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қоғамдық коммуникациялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.
М. Уақпаев 1991 жылғы 17 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. "Қайнар" гуманитарлық-техникалық колледжін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Тараз қаласындағы "77 TV" телеарнасының тілшісі болып бастаған.
2016-2019 жылдары аймақтық "77 TV" арнасында журналист, редактор, тележүргізушісі ретінде еңбек еткен.
2019 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің консультанты.
2019-2022 жылдары – ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.
Ал 2022 жылдың қаңтар айынан бері ҚР ИИДМ Қоғамдық коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті.