Елорда аумағында 549 өрт тіркелді

705

Оның басым бөлігі, яғни 332 өрт жеке тұрғын үйлерде орын алған (2020 жыл – 225), бұл жалпы өрт санының 60%-ын құрады.  

Елорда аумағында 549 өрт тіркелді

Тұрғын үй секторындағы өрттердің басым бөлігі жұма және демалыс күндері туындайды. Бұл жағдай демалыс және демалыс күндері азаматтардың қырағылығын едәуір төмендететіндігіне байланысты.

Өрттер статистикасы тұрғын үй секторындағы өрттердің ең көп саны кешкі уақытта сағат 18:00 мен 24:00 аралығында болатындығын көрсетеді, яғни 103 оқиға.

Тұрғын үй секторында өрттердің себептері, ол өрт қауіпсіздігін сақтау мәдениетінің және тұрғындардың әлеуметтік жауапкершілігінің төмендеуі, сондай-ақ инженерлік жүйелерінің тозуы және салынған тұрғын үйлердің 25%-ы 50 жылдан асқандығынан болып отыр.

Талдау деректеріне сүйене отырып, Департамент 2021-2022 жж. жылу беру кезеңіне дайындық аясында "2021-2022 жж. жылу беру маусымында өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануды азайту мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары" әзірленді, осылайша 148 мың 346 жеке тұрғын үй (оның ішінде 3 148 қатты отынмен жылытылатын, 30 395 қаңқалы-қамыс үй) есепке алынды.

Бірінші кезеңде, 1 326 әлеуметтік осал отбасы және 1 876 бейәлеуметтік (маскүнемдік) өмір салтын ұстанатын адамдардың тізімі жасалды. Тізімде тұрған барлық әлеуметтік осал отбасылардың үйлерін аралау жұмыстары 100% жүргізілді. Жағдайы өте нашар 354 үйге атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық әкімдіктерге және Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына ақпарат жолданды.

Қыркүйек айында Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы барысында жылу беру маусымында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Екінші кезеңде, "Көмек қолы" акциясы ұйымдастырылып, яғни әлеуметтік осал отбасылардың үйлерінде "пештердің түтін мұржаларын тазалау, жарықтарды бітеу, түтін арналары өтетін жерлердегі қабырғаларды ақтау" сияқты өртке қарсы профилактикалық көмек көрсетіліп, 28 отбасына улы газ датчигі орнатылды. Барлығы 1 288 тұрғын үй улы газ датчиктерімен жабдықталған.

Үшінші кезеңде, қыркүйектің 1-нен бастап аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдерімен, ҚазТрансГаз-Аймақ филиалымен және волонтерлермен бірлесіп 147 мың жеке тұрғын үйлерді аралау рейдтері жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі және тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар таратылды. Аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдерінің қызметкерлері әлеуметтік осал топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

Рейдтердің нәтижесінде 1000-нан астам өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы анықталды, ол үйлердің иелеріне кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу