Елорда аумағында ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді

465

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шараға 500-ге жуық "Жасыл ел" еріктілері қатысты. 

Елорда аумағында ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді Фото: gov.kz

5 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ҚТҚ полигоны және елорданың жасыл белдеуі аумағында сенбілік өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы" жеке мекемесімен, "Астана Эко полигоны" ЖШС және "Clean City NC" ЖШС бірлесіп ауқымды тазалық ұйымдастырды.

"Бұл акция 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған. Бұл – қоғам назарын экология мәселесіне аударудың ерекше себебі. Әр адамның көмегінсіз алға жылжи алмаймыз, сондықтан қоршаған ортаға деген қамқорлықты жан-жақты насихаттау қажет", – деді акция туралы эколог Қаламқас Құлымбаева. 

Еріктілер Нұрдәулет пен Бақдәулет Рысқұлбековтердің айтуынша, "Жасыл ел" жастар жобасына 100-ге жуық мектептің оқушылары жұмылдырылды. Мамыр айының басынан бастап олар қаланы көркейту бойынша арнайы жұмыс істеді және тиісті жалақы алады.

Айта кетейік, сенбілік Астана қаласының тұрғындарының, студенттердің, белсенділердің және жастар ұйымдарының басын қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу