Бүгінгі таңда қала аумағынан белгілі бір қар полигондарында 2 млн. текше метрден астам қар шығарылды, деп жазады inbusiness.kz Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, жеке секторда су басудың алдын алу шараларының бірі арық-науа жүйелерін тазарту және булау жұмыстарын жүргізу болып табылады, онда бүгінгі күні арық-науа желісінің 6730м³ тазартылды.
Су тасқыны қаупінің алдын алу және болдырмау мақсатында Департамент 2023 жылғы көктемгі су тасқынын өткізуге дайындық бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі және қала әкімінің орынбасарымен бекітілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу