Елорда балабақшаларында құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

844

Елордадағы карантиндік шаралар режиміне байланысты берілген жолдамалардың мерзімі ата-ананың қатысуысыз автоматты түрде жүйеде ұзартылатын болады.  

Елорда балабақшаларында құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Биыл 20 198 бала алғаш рет мектепке дейінгі мекемелерге барады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 17 маусымнан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымдарға құжат қабылдауды бастау жоспарлануда. e.astana.kz немесе indigo24.kz электронды жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар) босаған 20 198 орын жарияланатын болады (2019 жылы – 15 мың орын босады), деп хабарлады бүгін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.

Босаған орындардың ішінде 2018 жылы туғандарға – 2 442 орын, 2017 жылы туғандарға – 7 877 орын, 2016 жылы туғандарға – 5 449 орын, 2015 жылы туғандарға – 4 430 орын қарастырылған. 

Топтастыруды өткізу кестесі мен жолдамаларды алу бойынша ақпарат барлық интернет ресурстарда: Білім басқармасының сайтында (www.bilim.astana.kz), әкімдіктің сайтында (astana.gov.kz), электрондық жүйеде (e.astana.kz немесе indigo24.kz) орналастырылады.

"Елордадағы карантиндік шаралар режиміне байланысты берілген жолдамалардың мерзімі ата-ананың қатысуысыз автоматты түрде жүйеде ұзартылатын болады. Барлық туындайтын сұрақтар бойынша Call-орталыққа 55-68-83, 55-68-73, 1445 телефондары арқылы хабарласуға болады", – делінген білім басқармасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу