Елорда базарлары таңғы сағат 9-дан бастап жұмыс істейтін болады

766

Жаңа қаулыға сәйкес жабық азық-түлік базарлары жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Елорда базарлары таңғы сағат 9-дан бастап жұмыс істейтін болады

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қаладағы жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл ретте толтырылу бір келушіге 4 м2 есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажет.

"Жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, бір келушіге 4 м2 есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал жексенбі күндері жұмыс істеуіне болмайды. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сауда залында сатып алушылардың болуына тыйым салынады", – делінген санитарлық дәрігердің қаулысында.

Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу