Елорда базарларында тауар үстемесін асырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Astana" ӘКК АҚ мен "Тәжікагропром" компаниясы 1 200 тонна пияз жеткізу бойынша келісім-шарт жасасты.  

Елорда базарларында тауар үстемесін асырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді Фото: Максим Морозов

Бұл туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев айтты.

"Тәжікстан Республикасына сапар қорытындысы бойынша "Astana" ӘКК АҚ мен "Тәжікагропром" компаниясы арасында 1 200 тонна пияз жеткізу бойынша келісім-шартқа қол қойылды. Алғашқы жеткізілім 500 тонна мамыр айында, маусым айында тағы 500 тонна және шілде айында 200 тонна болады деп күтілуде. Көшпелі кеңестер барысында қаланың ірі сауда нысандарында "Әсем", "Гүлжан", "Вкус Март" сауда үйлері, "Аспан базар", "Саран" базарларында сауда үстемесінің сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жұмыртқа, тауық еті, пияз, май, сүт бағасының 10-15% - ға төмендеуі байқалады", – деді спикер.

Өндірісті жолға қою және қаланың ішкі қажеттілігін қантпен қамтамасыз ету мақсатында форвардтық тетік арқылы 1,6 млрд теңгеге қарыз шарты жасалды. Атап айтқанда, Меркі қант зауытымен 2023 жылға 3,5 мың тонна қант жеткізуге келісілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу