Елорда бюджеті 9,9 пайызға ұлғайды

719

Елорда бюджеті 9,9 пайызға ұлғайды

Елорда бюджетіне биылғы қаңтар-қазан айларында 189 млрд 868 млн теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 16 млрд 268 млн теңгеге немесе 9,9 пайызға ұлғайды. Оның ішінде салықтық нақты түсім 175 млрд 581 млн теңгені құрады.  Бұл жерде түсім 13 млрд 595 млн теңгеге, яғни 8,9 пайызға артып отыр, деп хабарлайды Елорда инфо.

Бұл мәліметті қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді айтты.

"Осы жыл ішінде бюджетті үш рет нақтылау өткізілді. Қорытындысында кіріс бөлігі соңғы нақтылауды есепке алғанда 26 млрд теңгеге ұлғайып отыр. Жыл бойы бөлінген қосымша қаражат елорда тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін басымды міндеттерді іске асыруға бағытталды. Депутаттар мен халық үнемі көтеріп отыратын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге қосымша шамамен алғанда 9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде білім беру саласына 2,5 млрд теңге тиісілі", - деді Ерғали Егемберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу