Елорда да 3 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

914

Елорда да 3 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

"Expolis Invest VM" ЖОО (Royal EXPO Apartments TК), "Astana Trade International" ЖШС (Премьера 2 және Премьера 4 ТК) және "АБК Құрылыс" ЖШС-на(Ф2 жабық шатыр мен ЕХРО С1 павильоны) қатысты іс жоғарғы сотта қаралып жатыр. Ал "Астана Трэйд" ЖШС-ны  (Олимп Палас ТК) лицензиясынан айыру туралы материал сотқа жолданды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Қадағалау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымына сүйене отырып, жыл басынан ревизия тағайындау туралы 543 акт тіркелді, қазіргі таңда оның 187-сі тексерілуде.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 441 бұзушылықты ретке келтіру туралы ұйғарым шығарды, онда 406 субъектіге қатысты әкімшілік істе бұзушылықты жоюды талап етілген. Бұдан бөлек басқарманың қаулысымен нысандағы құрылыс барысында өзінің қызметін тиісінше атқармаған 9 техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты тоқтатылды.

Сот басқарманың материалдарына сүйеніп, рұқсатсыз салынған 4 нысанды сүріп тастау туралы шешім шығарды. Аймауытов к, 5/5 мекенжайында орналасқан үшінші қабаттағы мансард пен жатақхана ретіндегі мүлік нысанының бірінші және екінші қабатын пайдалану тоқтатылды. Шұбар мөлтекауданындағы төрт қабатты ғимарат пен "BI Village" қалашығына қатысты үйлердің бірі мен Ақжол көшесіндегі екі қабатты ғимараттың құрылысына тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу