Елорда даму 566 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береді

1014

Елорда даму 566 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береді

"Елорда даму" ЖШС 566 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 7 233 пәтерлік 62 тұрғын үй тапсырылып, оның 155 мың шаршы метрі қайтарымсыз негізде апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарын көшіру мақсатында коммуналдық меншікке берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жоба "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілеттік ұйым- "Елорда даму"ЖШС 2013 жылдан бастап іске асырылып келеді.

"Өзара іс-қимыл тетігі бағдарламамен белгіленген және ол келесіде көрсетілгендей жүзеге асырылады. Әкімдікпен белгіленген жер участкелерінде "Елорда даму" ЖШС тұрғын үй кешендерін жобалауды және олардың құрылысын жүзеге асырады.

Тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың бір бөлігі бұдан әрі апатты үйлердің меншік иелерінің арасында бөлу үшін коммуналдық меншікке тегін тапсырылады. Әкімдіктің сәйкес құрылымдық бөлімшелері апатты үйлерді бұзуды және олардан тұрғындарды көшілуді жүзеге асырады. Жылжымайтын мүліктің қалған бөлігі "Елорда даму" ЖШС бос нарықта сатылады, осы ретте алынған қаражат жаңа құрылысқа қайта инвестицияланады", - деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында "Елорда даму" ЖШС бас директорының қаржы және коммерция жөніндегі орынбасары Төлепберген Қойшыбаев.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңі 2017 жылдың соңына дейін есептелген. Осы кезең ішінде 228 апатты үйді бұзуды және 3 519 тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың меншік иелерін көшіруді қаматамасыз ету қажет. Бұл мақсатта серіктестік 566 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыруды жоспарлап отыр.

"Бұл жоба сәтті түрде іске асырылып келеді және бүгінгі күні ауданы 544 мың шаршы метр немесе 7 233 пәтер болатын 62 тұрғын үй пайдалануға енгзілді. Оның ішінен апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке 155 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 3 074 пәтер тапсырылды", - деді Т. Қойшыбаев.

Бұдан бөлек, оның айтуынша бұзылатын апатты үйлерде орналасқан коммерциялық орын-жайлардың меншік иелеріне өтемақы ретінде 45 тұрғын үй емес орын-жай өтеусіз тапсырылды.

Сондай-ақ 2017 жылы "Елорда даму" ЖШС 126 мың шаршы метр тұрғын үйді немее 1 605 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Оның ішінен 104 мың шаршы метр (1 265 пәтер)пайдалануға енгізілді. Бұған қоса оның ішінен жалпы ауданы 12,7 мың ш.м. болатын 257 пәтер коммуналдық меншікке өткізілді, ал қалғаны жылжымайтын мүлік нарықта сатылды.

"Бірінші кезеңді аяқтағаннан кейін "Елорда даму" ЖШС пилоттық жобаны бұдан әрі іске асыруды жалғастырады. Ол үшін тұрғын үйдің құрылысы бойынша әзірленген жобалар да бар", - деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында "Елорда даму" ЖШС бас директорының қаржы және коммерция жөніндегі орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу