Елорда дәрігерлерінің жалақысы қанша?

472

Аурухана мен емханада істейтін дәрігерлердің айлығында айырмашылық бар. 

Елорда дәрігерлерінің жалақысы қанша? Фото: pexels

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дәрігерлердің жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда елордадағы фельшерлердің лауазымдық ақысы 390 мың теңгені құрайды. Аурухана мен емхана дәрігерлерінің жалақысында айырмашылық бар. Стационарда істейтін дәрігерлердің орташа жалақысы 600 мың теңгеге тең, бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мекемелерде – 400 мың теңге. Бұл қандай да бір үстеме ақы, кезекшілік, ақылы қызметтерді есептемегендегі сома. Егер де кезекшіліктер болса, онда стационарда істейтін дәрігерлердің жалақысы 800-900 мың теңгеге дейін барады, емхана дәрігерлері де біршама көп алады", - деді Әлия Рүстемова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу