Елорда дәріханаларына қосымша 100 мың медициналық бетперде жеткізіледі

1477

Бөлшек сауда орындарында тауар жетіспеушілігі байқалады.  

Елорда дәріханаларына қосымша 100 мың медициналық бетперде жеткізіледі

Нұр-Сұлтан дәріханаларына елімізде жасалған қосымша 100 мың медициналық бетперде жеткізіледі, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына сілтеме жасап. 

"Нұр-Сұлтанның бөлшек сауда жүйелеріне бетперделердің Шымкентте шығарылған бірінші легі –100 мың данасы жеткізіледі. Зауыттан шығарылғандағы бағасы – 49 теңге. Дәріханалардағы бағасы – 56 теңге болады деп күтілуде", – деді басқарма басшысы Зекен Исаков.

Ал Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сәуле Қисықованың сөзінше, қаладағы медициналық мекемелерде бетперде жетіспеушілігі жоқ. Ал бөлшек сауда жүйелерінде тауар жетіспеушілігі байқалады. 

"Үкімет жетіспеушілікті толықтыру үшін бетперде өндірісін бақылауға алды. Бүгін тауар бөлшек сауда орындарына жеткізілуі тиіс",-деді Сәуле Қисықова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу