Елорда дәріханаларынан рұқсат етілмеген препараттар анықталды

727

Елорда дәріханаларынан рұқсат етілмеген препараттар анықталды

Елорданың кей дәріханасында халыққа рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектер де сатыла бастапты. Қазіргі кезде ҚР денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитетінің мамандары олардың дәріханалар сөрелеріне қалай тап болғанын анықтауда, деп хабарлайды abctv.kz.

Қазіргі кезде ресми рұқсат етілмеген препарат анықталған дәріханаларға қатысты әкімшілік сотқа материалдар жолданды. Кәсіпкерлерге шамамен 0,5 миллион теңгедей айыппұл салынуы, сондай-ақ олар лицензиясынан айырылуы ықтимал. 

Сарапшылардың айтуынша, әлемде кең таралған шетелдік дәрілердің Қытайда және басқа да елдерде қолдан жасалуы өндірістік жолға қойылған. Олардың легінен қорғану үшін отандық фармацевтиканы дамытқан жөн, себебі, қазақстандық дәрі-дәрмектердің ішкі нарықта жалған түрлерінің сатылу дерегі кейінгі кезде кездеспеген екен.

Астаналық фармация департаменті барлық дәріханаларды жаппай тексеріп шыға алмайды, олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ретінде заңнамамен қорғалған және кез келген "бақылаулық сатып алулар" тек шағым түсуі негізінде жүзеге асырылады. Демек, тұтынушыларға өз денсаулығына өздері қамқорлық жасау, бұл үшін түпнұсқалық дәріні жалғаннан айыруға өз бетінше үйрену қалады. Мәселен, дәрі-дәрмекті сатып алған кезде, оның ішіндегі нұсқаулық қағазды ашып қарау керек: ол міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде жазылуға, сондай-ақ Қазақстанда тіркелген дәрілік заттардың қораптары да мемлекеттік тілдегі ақпараттан тұруға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу