Елорда дүкендерінде 10 млн теңге айналымы бар заңсыз терминалдар орнатылған

632

ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті рұқсат беру құжаттарынсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елорда дүкендерінде 10 млн теңге айналымы бар заңсыз терминалдар орнатылған

"Заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды. Осы ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгені құрады. Күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін", – деп жазылған ҚМА хабарламасында. 

Айта кетсек, заңсыз ойын бизнесі мақсатында үй-жайлар бергендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу