Елорда елдімекендері 230 бақылау камерасымен қамтамасыз етілді

426

Жұмыстар азаматтардың өтініштеріне сәйкес жүргізілді. 

Елорда елдімекендері 230 бақылау камерасымен қамтамасыз етілді Фото: el.kz

Астанадағы Пригородный, Телман, Үркер, Көктал, Оңтүстік-Шығыс, Теміржолшылар және Өндіріс елдімекендеріне барлығы 230 жалпы бейнебақылау камералары орнатылды, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде бас қалада ғимараттардағы ішкі камераларды есептемегенде 25 866 жалпы бейнебақылау камерасы бар.

"Денсаулық сақтау нысандары сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарға – 1 877 камера, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарына – 14 406 камера, оның ішінде ішкі камералар, сондай-ақ басқа да мәдени маңызы бар нысандар, спорт нысандары және т.б. – 2313 камера орнатылды, қоғамдық көлікте 1165 камера бар. "Сергек" жобасы аясында қаланың тұрғын үйлері мен әлеуметтік маңызы бар нысандарына 4000 камера орнатылды", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кету керек, елордада бейнебақылау камералары бойынша алғашқы жобалар 2014 жылы басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу