Елорда емханасынан өкпесі 100% зақымданған науқас сауығып шықты

834

22 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда барлығы 8 832 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның 5 935-і ауруынан емделіп шықты.  

Елорда емханасынан өкпесі 100% зақымданған науқас сауығып шықты

53 жасар Нұр-Сұлтан тұрғыны Александр Ильин 2 шілдеде ауыр халде ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ПТР-тест (полимеразды тізбекті реакция) аурудың барын көрсетіп, ер адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.

Науқастың жағдайын буын ауруы мен екінші дәрежелі семіздік қиындатқан.

Күні кеше, 21 шілдеде дәрігерлердің күшімен А.Ильин коронавирус инфекциясынан сауығып, емханадан шығарылды. Дегенмен, ағза толық қалпына келу үшін одан әрі оңалтатын ем-дом жасау қажет.

Науқас барлық дәрігерлерге кәсіби біліктілігі мен көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Александр Ильин де медицина қызметкерлерінің аянбай көрсеткен көмегінің арқасында айығып шыққан көп науқастың бірі.

59 жасар Виктор Чулковский де өкпесі 80% қабынып, коронавирус инфекциясымен стационарда 14 күн жатқан. Дәрігерлердің қамқорлығы мен біліктілігінің арқасында сауығып шықты.

"Қажырлы еңбектері мен жұмыстары үшін, асқан жауапкершілікпен қарағандары үшін дәрігерлерге алғыс айтамын. Денсаулық пен барлық жақсылықты тілеймін", – дейді науқас.

Елорда тұрғыны Камария Оразалинованың жағдайы да қиын болған.

"Бүгін ауыр дерттен кейін үйге оралатыныма өте қуаныштымын. Мен короновирус инфекциясымен және 90% өкпем қабынып ауруханаға түстім. 12 күн ем қабылдадым. Дәрігерлер мені аяққа тұрғызды. Өте ризамын. Жағдайым өте ауыр болды, қазір мен сөйлесіп отыра аламын, қалыпты өмірге оралып келемін", – дейді К.Оразалинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу