Елорда интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озды – министр

756

Speedtest халықаралық рейтингі Астананың интернет жылдамдығы бойынша 35 сатыға көтерілгенін көрсетіп отыр. 

Елорда интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озды – министр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Министр сейсенбі таңертеңгі уақытта Kcell байланыс операторында техникалық іркіліс болғанын жеткізді.

"Kcell-де 10 минуттай ақау болды. Үкімет отырысының алдында "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтен мән-жайды сұрадым. Өзім де шағымымды айттым. Үйден Үкіметке келе жатқан жолда Kcell іркіліп қалды. Есекеев 10-15 минуттай техникалық ақау болғанын айтты", - деді ол Үкімет кулуарында.

Бағдат Мусин ұялы байланыс операторы 4G және 3 G-ден 5G-ге көшу жұмыстарын жүзеге асырып жатқанын айтты.

"Мұндай уақытта техникалық ақаулар болып тұрады. Speedtest халықаралық рейтингі Астананың 35 сатыға жоғарылағанын, яғни 35 қаланы басып озғанын көрсетіп отыр. Біз қазір Токионы да басып оздық", - деп түйіндеді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу