Елорда: Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолақтары алынып тасталды

1214

Автокөлік құралдарының барлық түріне қалаға кірген кезде үш жолақ бойынша, қаладан шыққан кезде екі жолақ бойынша жүруіне рұқсат етіледі.

Елорда: Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолақтары алынып тасталды

Нұр-Сұлтан қаласының Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолақтары 10 ақпаннан бастап алынып тасталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтемемен inbusiness.kz.

Қаланың көше-жол желісін жеңілдету мақсатында осы жылдың 10 ақпанынан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойындағы Сығанақ көшесінен айналма жол айрығына дейінгі аралықта екі бағытта қоғамдық көлік жолақтары алынып тасталды.

Автокөлік құралдарының барлық түріне қалаға кірген кезде үш жолақ бойынша, қаладан шыққан кезде екі жолақ бойынша жүруіне рұқсат етіледі.

Жол белгілерін демонтаждау жұмыстары қолайлы ауа райы басталғаннан кейін жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу