Елорда: Қаныш Сәтбаев көшесіндегі учаскеде жөндеу жұмыстары басталды

735

5 маусымға дейін Талғар көшесінен Обаған көшесіне дейінгі учаскеде ішінара көлік қозғалысы шектеледі.

Елорда: Қаныш Сәтбаев көшесіндегі учаскеде жөндеу жұмыстары басталды

"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп Қаныш Сәтбаев көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 24 мамырынан 5 маусымына дейін Талғар көшесінен Обаған көшесіне дейінгі учаскеде ішінара көлік қозғалысы шектелетін болады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген басқарма хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу