Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Ысқақов ел астанасындағы каратиндік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтердің қорытындысын жариялады.
"Биылғы жылдың 15 қазанына дейін мобильді топтар 1973 нысанға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 1360 мәлімдеме толтырылды. Барлығы 634 жеке, заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 138 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Кінәсін мойындаған тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 810, 811 бабына сәйкес азайтылған айыппұл төлей алады. Қазір жалпы сомасы 114 млн 891 мың теңгені құрайтын 535 айыппұл төленді", – деді Зекен Ысқақов.
Департамент басшысының сөзінше, кәсіпкерлердің өтініші бойынша төрт іс әкімшілік соттың қарауына жөнелтілген.
Нұржан Көшкін