Елорда: Қоғамдық көлікте QR-кодпен төлем жасай алмағандар не істейді

765

Бұл сұраққа "City Transportation Systems" компаниясы жауап берді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Елорда: Қоғамдық көлікте QR-кодпен төлем жасай алмағандар не істейді

Шаһарда қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. 

"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Автобустарда ешқандай іркіліс жоқ. Төлем әдеттегідей жол жүру картасы арқылы жасалады. Ал Интернет байланысының шектеулігіне байланысты QR-кодпен төлем жасауда қиындықтар туындап отыр. Қоғамдық көлікте мұндай тәсіл арқылы төлем жасай алмаған жолаушылар сапарын одан әрі жалғастыра алады", – деп атап өтті "City Transportation Systems" компаниясының баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу