Елорда колледждері мемлекеттік тапсырыспен 3 602 білім алушыны қабылдайды

683

Талапкерлер әлеуметтік мәртебесіне сай жатақханадан орын мен тегін тамақтануға мүмкіндік алады.

Елорда колледждері мемлекеттік тапсырыспен 3 602 білім алушыны қабылдайды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлім етті. Оның сөзінше, техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекет жергілікті бюджет есебінен 21 колледжде 3 602 орынға, оның ішінде 9-сынып базасында 2892 орынға, 11-сынып базасында 710 орынға тапсырыс берді. 

"Биылғы жылы мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес колледждерге құжаттар қабылдау автоматтандырылып, eGov.kz электронды үкіметі веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда талапкерлер, ата-аналар немесе заңды өкілдері білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесін және фотосуреттерін тіркей отырып, электрондық нысанда өтініш бере алады. Ал ауылдық елдімекендерден басқа қажетті медициналық анықтамалар денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынатын болады. Сондай-ақ, құжаттарды портал арқылы тапсыру кезінде талапкердің жатақханадан орын алуға және тегін тамақтануға мүмкіндігі бар, себебі талапкердің ЖСН бойынша әлеуметтік мәртебесі анықталады", – деді басқарма басшысы. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу