Елорда коменданты тұрғындарға үндеу жасады

1135

Оның айтуынша, елордада жағдай тұрақты.  

Елорда коменданты тұрғындарға үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының коменданты Ержан Сәденов тұрғандарды төтенше жағдай режимін бұзбауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бір тәулікте қалада 8 қылмыс жасалғанын, 83 жол апаты тіркелгенін атап өтті.

"Салдарынан екі адам зардап шекті. 464 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 183-і ережелерді бұзу, 36-сы қоғамдық орындарда ішімдік ішу және 18-і көші-қон саласында заңды бұзу", – деді Ержан Сәденов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда тәулік бойы 6 блок-бекет жұмыс істейді.

Қалада төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 200-ден аса адам ұсталып, 28 адам әкімшілік қамауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу