Елорда қонақ үйлері ЭКСПО-2017 кезінде қызмет бағаларын көтермеуге келісті

1177

Елорда қонақ үйлері ЭКСПО-2017 кезінде қызмет бағаларын көтермеуге келісті

"Астана Конвенш Бюро" ЖШС елорда қонақ үйлерімен ЭКСПО-2017 кезінде қызметтері үшін бағаларын көтермеу туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне берген сұхбатында компания директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

- Біз қонақ үйлерімен ЭКСПО-ның өтуі барысында қызмет бағаларын көтермеу туралы меморандумға қол қойдық. Бірақ, мұның бренд ретінде танылған мейманхана желісіне қатысы жоқ, себебі олар бағаны реттеу саясатына бағынбайды. Өйткені, олардың әрқайсысында өз баға саясаты бар, соны ұстанады,- дейді Асқар Адамбеков.

Адамбековтің айтуынша, ЭКСПО қарсаңында мейманхана желісі өз қызметтері үшін бағасын 20% қымбаттатқан. Ал, елорда қонақ үйлерінің бағасы еш өзгеріссіз қалады.

- Біз күнделікті бағаны бақылап отырамыз. Желілік мейманхана баға 20 пайызға өсті. Қазақстандық қонақ үйлер бір қалыпты ұстауда. Олар отельдерді басқару бағдарламаларын қолданбайды. Көбі бекітілген тариф бойынша жұмыс істейді, - дейді А.Адамбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу