Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ардагерлер көшесіндегі учаскеде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскедегі Ардагерлер көшесі бойынша қала ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүріп жатыр.
Осыған байланысты 5-15 сәуір аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы шектелетін болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген әкімдік таратқан хабарламада.