"Елорда кубогі": Астанада бәйгеден республикалық турнир өтеді

167

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"Елорда кубогі": Астанада бәйгеден республикалық турнир өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қала әкімдігінің қолдауымен Астана күніне орай қалалық ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясының ұйымдастыруымен бәйгеден республикалық "Астана кубогі" турнир өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еліміздің барлық өңірінен үздік шабандоздар "Астана-Талапкер" тас жолындағы елордалық ипподромда бақ сынайтын болады.

Жарыс бағдарламасында 7 шақырымдық "Құнан" және "Жорға", 15 шақырымдық "Топ" және 22 шақырымдық "Аламан" бәйге бар. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.

Жарыс 8 шілдеде сағат 12.00-де басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу